Қазақстандық кәсіпкерлерге маңызды ескерту жасалды

Қазақстандық кәсіпкерлерге маңызды ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 18:51 Сурет: freepik
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті eokno.gov.kz ресми мемлекеттік сайтының атын жамылып, жалған интернет-ресурстардың анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің дерегінше, алаяқтар ұқсас домендік атауы бар (eoknogov.kz) жалған сайт жасап, онда QR-кодпен жалған сертификаттар мен сәйкестік декларацияларын таратқан.

"Аталған ресурстардың мемлекеттік жүйелерге еш қатысы жоқ және азаматтар мен бизнес өкілдерін жаңылыстырады. Осыған байланысты барлық кәсіпкер мен тұтынушыдан құжаттарды тексеру және мемлекеттік онлайн-сервистерді пайдалану кезінде ерекше қырағылық танытуды сұраймыз. Сертификаттар мен сәйкестік декларациялары туралы сенімді ақпарат тек ресми ресурстарда орналастырылады: eokno.gov.kz, techreg.gov.kz", - делінген 2025 жылғы 27 тамызда жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ комитет азаматтар мен кәсіпкерлерге тек ресми дереккөздер арқылы ақпаратты тексеруді және күмән тудыратын сайттар мен құжаттарды қолданудан бас тартуды қатаң ұсынады.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сертификаттар мен сәйкестік декларацияларын тек аккредиттелген сәйкестікті растау органдары рәсімдеп, бере алады. Аккредиттелген субъектілер туралы өзекті ақпарат nca.kz сайтында жарияланған", - деп хабарлады Техникалық реттеу және метрология комитеті.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: