Қазақстанда Ресей рубліне сұраныс төмендеді
Сурет: pixabay
Шілде айында айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасының сату көлемі қалай өзгергені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz
Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, шілдеде Қазақстандағы айырбастау орындарында қолма-қол Ресей рублінің таза сатылымы теріс көрсеткішке (-53,2 млрд теңге) жетті. Бұл айырбастау пунктері бір ай ішінде халықтан сатқанына қарағанда көбірек рубль сатып алғанын білдіреді.
"Сонымен қатар айырбастау орындары клиенттерінің рубльге деген таза сұранысы жаңа антирекорд орнатты. Бұл көрсеткіш сегіз ай қатарынан теріс болып отыр. Осы уақыт аралығында рубль де қатарынан сегізінші ай күшейіп келеді", - делінген Бюро хабарламасында.
Айта кетейік, шілде айында рубльдің орташа айырбас бағамы 6,71 теңге болып, 2,6% өсті.
Сонымен бірге доллардың нетто-сатылымы 120,8 млрд теңгеге жетті, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 10% көп. Ал еуро сатылымы 5,7 млрд теңге болды. Бұл маусымдағы төмен базаға қарағанда бес есе жоғары, бірақ рекордтық көрсеткіштен алыс, деп толықтырды бюро.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript