Ақтөбеде жүйелі түрде құқық бұзушылықтар жасаған жеке кәсіпкер жауапқа тартылды
Сурет: polisia.kz
Полицияның ұсынысы бойынша Ақтөбеде ойын-сауық мекемесінің қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыл басынан бері полицияның Жедел басқару орталығының "102" пультіне осы мекемеге қатысты шамамен 60 шақыру келіп түскен.
Тексеру нәтижесінде аталған ресто-бар мен оның келушілері тарапынан 10 әкімшілік құқық бұзушылық және 7 қылмыс жасалғаны анықталды. Сонымен қатар түнгі уақытта мекеме ішінде кәмелетке толмағандардың болуының екі фактісі тіркелген.
Полицейлер жинаған материалдар Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Сот шешімімен жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.
Сонымен қатар мекеменің қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript