Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жасөспірімнің құқық бұзушылықтары үшін ата-анасы жауапқа тартылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 12:38 Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласындағы Естай көшесінде сағат 03:10-да мас күйінде жүрген жасөспірімді полиция қызметкерлері байқап, тоқтатты.

Жасөспірім кешкі уақытта көшеде неге жүргенін түсіндіре алмады және полиция қызметкерлеріне дөрекі сөздер айтты.

Алдымен полиция бөліміне оның ата-анасы шақырылды. Медициналық тексеру нәтижесінде жасөспірімнің орташа деңгейдегі алкогольдік масаңдықта болғаны анықталды.

Нәтижесінде жасөспірімнің қоғамдық орында мас күйінде болуы, ұсақ бұзақылық жасауы, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде жүруі және баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау фактілері бойынша ата-анасына жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Бұл жасөспірім бұған дейін де ұсақ бұзақылық және мас күйінде қоғамдық орында жүргені үшін полицияға жеткізілген болатын. Ол кезде ата-анасы ескерту алып, жасөспірім тәртіпті түзетуге уәде берген еді. Алайда бұл жағдай оған сабақ болмаған сияқты.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінде 82 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының мас күйінде қоғамдық орындарда жүруі үшін, ал 39 ата-ана 14 пен 16 жас аралығындағы балаларының ұсақ бұзақылық жасауы үшін жауапқа тартылған.

Полиция ата-аналарды балаларының тәртібіне мұқият болуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: