Алматыда көлік басқарған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 11:23 Фото: Zakon.kz
Алматыда "Жасөспірім" және "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Медеу ауданының полиция қызметкерлері түнгі сағат 02.00 шамасында Infiniti көлігін тоқтатты.

Көлік тізгінінде 17 жастағы бала болған. Медеу аудандық полиция басқармасы хабарлағандай, оқиға орнына жасөспірімнің заңды өкілдері шақырылған.

Олар жауапқа тартылды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі сіздің жеке жауапкершілігіңіз екенін ескертеді.

Балаларға көлік кілтін сеніп тапсыру арқылы сіз олардың өміріне ғана емес, басқаларға да қауіп төндіресіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: