Қазақстанда куәлік пен паспортты кімдер тегін рәсімдей алады

Қазақстанда куәлік пен паспортты кімдер тегін рәсімдей алады , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 16:12 Сурет: gov.kz
2025 жылғы 28 тамызда "Азаматтарға арналған үкімет" порталы қазақстандықтардың кейбір санаттары құжаттарды тегін рәсімдей алатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сұрақты мекемеге "Күміс алқа" иегері, көпбалалы ана жолдаған.

"Көпбалалы аналар, "Батыр ана" атағына ие болғандар, "Күміс алқа", "Алтын алқа" иегерлері паспорттар мен жеке куәліктерді алу үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады", – деп жауап берді "Азаматтарға арналған үкімет".

Сонымен қатар, жеке куәлікті алу үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылатындар тізімі де жарияланды:

  • Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
  • Даңқ орденінің үш дәрежесімен, Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен марапатталғандар, "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандар;
  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер, ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарымен марапатталғандар;
  • 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), бірақ КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталмаған тыл еңбеккерлері;
  • мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің бір ата-анасы;
  • қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарт адамдар;
  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – мемлекет толық қамқорлық жасайтын балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратындар;
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Бұған дейін көлеңкелі экономиканы бағалау әдістемесі өзгергендігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: