Тоқаев: Биліктегі отбасылыққа тосқауыл өте қажетті қадам болды

Тоқаев: Биліктегі отбасылыққа тосқауыл өте қажетті қадам болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 12:53 Сурет: akorda.kz
Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференцияда биліктегі тепе-теңдік жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, еліміздің саяси жүйесінде "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты орнықты.

"Бұл билікте өзара тиімді байланыс пен тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік берді. Президенттің жеті жылға бір рет қана сайлануы ел тарихындағы аса маңызды саяси-құқықтық бетбұрыс деп айтуға толық негіз бар. Себебі мұндай жағдай Қазақстанда бұрын-соңды болған емес",- деді ол.

Жалғастыра келе, ол, осылайша, елімізде биліктің бірегей үлгісі пайда болды, яғни, мемлекеттік басқару жүйесі жаңа қағидаға сай жұмыс істей бастағанын, сол арқылы мемлекеттегі саяси үдерістер әлдеқайда түсінікті, болжамды, айқын бола түскенін айтты.

"Нақты айтқанда, Президенттің жақын туыстарына билік жүйесінде лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Биліктегі отбасылыққа тосқауыл қойылды. Бұл да өте қажетті қадам болды. Халықтың осы шешімі – аса маңызды саяси-құқықтық жаңашылдық, әлемде баламасы жоқ конституциялық инновация екенін баса айтты",- деді мемлекет басшысы.

Бұған дейін президент 1995 жылғы Конституцияны реформалау жайлы айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: