Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2025 10:54 Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының экс-орынбасарының ұсталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінді.

"ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасарын ұстады. Ол 2025 жылғы 29 тамызда қызметтен теріс себептермен босатылған", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Шымкент әкімі аппараты қаладағы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының ұсталғанын растаған еді. Алайда бұл оқиға оның мемлекеттік қызметтегі қазіргі міндеттеріне байланысты емес екені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: