Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше қырғызстандық азамат ұсталды

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше қырғызстандық азамат ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2025 11:13 Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын Алматыда ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 17 жыл бұрын Бішкек қаласында адам өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Камчыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше.

ІІМ мәліметінше, жалпы, қыркүйек айында іздеуде жүрген 81 адам ұсталып, 58 хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері анықталды. Бұдан басқа, ТМД елдері мен алыс шет елдер үшін 28 қылмыскер ұсталды.

Бұған дейін Павлодар облысының прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: