Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушыларға арналған салтанатты қабылдауға барды

Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушыларға арналған салтанатты қабылдауға барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2025 16:40 Сурет: akorda.kz
Президент Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барды

Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды.

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ ШЫҰ саммитіне қатысушы мемлекеттердің делегация басшылары бірге суретке түсті.

Еске салайық, бұған дейін Си Цзиньпин Тоқаевты жеке қабылдауға шақырғанын хабарлаған едік.

ҚХР төрағасы ШЫҰ саммитіне барған 22 ел басшысының ішінен тек үшеуін жеке қабылдаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: