Алматыда магистральдық көшелерді орташа жөндеу аяқталды

Алматыда магистральдық көшелерді орташа жөндеу аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2025 17:51 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 1 қыркүйекке дейін магистральдық көшелердің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, ұзындығы 40 шақырым болатын 15 магистральдық көше жөнделді. Олардың қатарында Қабанбай батыр, Қажымұқан, Жұбанов, Ұлықбек, Майлин, Бұқтырма, Мөңке би, Бекмаханов, Дулати, Серкебаев, Жароков, Төле би, Бөгенбай батыр, Тілендиев көшелері және Назарбаев даңғылы бар.

Сондай-ақ, ұзындығы 117 шақырым болатын аудандық маңызы бар 123 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудандық және жергілікті маңызы бар ұзындығы 120 шақырым болатын 188 көшеде жөндеу жұмыстары жалғасуда, олардың 60%-дан астамы қыркүйек айында, қалғаны қазан айының 20-сында аяқталады.

"Осылайша биыл жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын 326 көше орташа жөндеумен қамтылады. Бұл бұрынғы жоспардан 23 шақырымға қысқарды, себебі бірқатар көшелер астындағы инженерлік желілерді ауыстыру қажеттігіне байланысты тізімнен алынды", - деп хабарлады басқарма. 

Бұдан бөлек, қалалық мобильділік басқармасы магистральдық және радиалды көшелерді жалғау, сондай-ақ Алғабас, Шұғыла, Ақжар, Боралдай, Жас Қанат, Рахат-Мәдениет шағынаудандарында жаңа жолдар салу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: