Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры іздеуде жүр
Сурет: finpol.kz
Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Бұл туралы 2025 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, іздеу ісі 29 тамызда Алматының Алмалы ауданында тіркелген.
"Іздеуде жүргеніне 3 күн болды… Бастамашы орган: Прокуратура. Іздеуді жүргізуші орган: Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық полиция басқармасы", - делінген Бас прокуратура порталында.
Еске салайық, Мақсат Дүйсенов ҚР бас көлік прокуроры қызметін 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін атқарған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
