Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды
Сурет: finpol.lz
Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры, халықаралық іздеуде болған Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі 23 қыркүйекте хабарлады.
"ҚР ІІМ Интерпол ҰҚБ сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздестірілген тұлға неміс құқық қорғау органдары тарапынан Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықталып, қамауға алынды", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Мақсат Дүйсеновке іздеу салынған еді. Бұл туралы 2025 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Мақсат Дүйсенов ҚР бас көлік прокуроры қызметін 2018 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін атқарған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript