Тамыз айында Каспийде браконьерлер келтірген зиян жарты миллиард теңгеге бағаланды

Тамыз айында Каспийде браконьерлер келтірген зиян жарты миллиард теңгеге бағаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2025 22:46 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы тамызда Каспий теңізінің акваториясында браконьерліктің 55 фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz порталы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, браконьерлерден тоғыз жүзу құралы, 21 шақырымнан астам ау және қармақ жабдықтары тәркіленген.

"Заң бұзушылардан 240 дана, яғни 1 440 келі бекіре тұқымдас балық және 19 келі өзге де балық түрлері алынды. Алдын алынған залалдың жалпы сомасы 566 млн теңгеден асты", - делінген ҰҚК мәліметінде.

Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Бұған дейін тамыз айының соңында Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы балық ресурстары айналымындағы заңдылықтың жай-күйін талдап, Еуропа елдеріне балық өнімдерін заңсыз экспорттауға қатысты ауқымды заң бұзушылықтарды анықтаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: