20 жылдан кейінгі кездесу: полиция тұрғынға туған әпкесін табуға көмектесті

Үштөбе қаласында полиция қызметі тек құқықтық тәртіпті сақтап қана қоймай, адамдарға қиын жағдайда әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін дәлелдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 16:55 Сурет: ҚР ІІМ
Үштөбе қаласында полиция қызметі тек құқықтық тәртіпті сақтап қана қоймай, адамдарға қиын жағдайда әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін дәлелдеді.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны 20 жыл бұрын әпкесін жоғалтып алған.

Үміті үзілмеген тұрғын әпкесін тауып қалармын деген ниетпен Үштөбеге барған. Ол көшеде учаскелік полиция инспекторлары Айбек Қази мен Талғат Есқожановпен жолығады.

Полицейлер оның өтінішіне бірден үн қатып, іздестіру жұмыстарына көмектесуге кірісті.

Осылайша жүйелі жұмыстың арқасында тәртіп сақшылары бауырларды қауыштырды.

Әйелдің полиция қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне алғысын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: