Қазақстанда жолдардың сапасы жаңаша тәсілмен тексерілетін болады

Жол, сапа, ақау, тексеру, жасанды интеллект, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 17:58 Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда автомобиль жолдарын бақылау үшін SRDS (Smart Roads Diagnostics System) жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 2025 жылы 3 қыркүйекте хабарлады:

"Қазақстанда автомобиль жолдарын бақылау үшін SRDS (Smart Roads Diagnostics System) жүйесі енгізілді. Бұл жүйені Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген. Жасанды интеллекттің көмегімен әр 100 шақырымды қамтитын деректерді өңдеу уақыты 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқарды. SRDS жол жамылғысындағы шұңқырлар мен ойықтарды автоматты түрде анықтап, олардың көлемі мен ұзындығын өлшейді".

Құзырлы ведомство диагностика арнайы жылжымалы зертханалар арқылы жүргізілетінін де нақтылайды. Жыл сайын жасанды интеллекттің көмегімен 15 мың шақырым республикалық және шамамен 5 мың шақырым жергілікті жолдар тексеріледі.

"Жүйе нәтижелері жөндеу және реконструкциялау шешімдерінің негізіне алынып, жол қауіпсіздігін арттыруға, тиімді жоспарлауға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді". ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 22 тамызда Үкіметте Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: