Мемлекеттік күзет қызметінің тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары бекітілді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Тұрғын үй комиссиялары – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің және Арнайы мақсаттағы күштердің әскери бөлімінің тұрақты негізде жұмыс істейтін, тұрғын үй мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті алқалы органдары.
Тұрғын үй комиссиясының құрамы Мемлекеттік күзет қызметінің уәкілетті лауазымды адамының немесе Арнайы мақсаттағы күштердің әскери бөлімінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
- тұрғын үй комиссиясының төрағасы – бірінші басшы немесе оның орынбасары;
- тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары – қаржы бөлімінің басшысы;
- тұрғын үй комиссиясының мүшелері:
– кадр бөлімі басшысы;
– заң бөлімі басшысы;
– өзге бөлімшелердің басшылары;
– тұрғын үй комиссиясының хатшысы.
Тұрғын үй комиссиясының қызметі мына мәселелерді қамтиды:
- тұрғын үйге мұқтаж деп тану (Қызметтен босатылғандарды қоспағанда);
- тұрғын үй төлемдерін тағайындау, қайтару, қайта есептеу, тоқтату, уақытша тоқтата тұру және қайта бастау;
- қызметтік тұрғын үйді кезек тәртібімен беру (Қызметтен босатылғандарды қоспағанда);
- қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру;
- бұрын берілген қызметтік тұрғын үйді айырбастау;
- қызметтік тұрғын үйді жалдау шартына қол қою;
- өз құзыреті шегінде тұрғын үймен қамтамасыз ету.
- Сонымен қатар, комиссия жұмысына мыналар кіреді:
- ұсынылған құжаттарды тексеру және қарау;
- өтініш берушінің өтінішін қанағаттандыру немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдау;
- сот актілеріне, тексеру актілеріне және қызметтік тергеу нәтижелеріне сәйкес бұрын қабылданған шешімдерге өзгерістер енгізу, толықтыру немесе күшін жою;
- өтініш берушілер бойынша қажетті ақпарат алу үшін уәкілетті органдарға және өзге ұйымдарға сұрау жолдау;
- өтініш берушілерден, сондай-ақ комиссия құрамына кірмейтін бөлімшелер өкілдерінен түсініктеме алу.
Тұрғын үй комиссиясы тоқсан сайын кемінде бір рет отырыс өткізеді.
Шешім әрбір өтініш беруші бойынша жеке қабылданады.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйенің жұмыс тәртібі де бекітілді.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.