Қазақстанға нәпақа табуға келген ресейлік 7 жылға түрмеге тоғытылды
Фото: pexels
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шетелдік азаматқа үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, сотталушы Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, "Telegram" мессенджеріндегі "L" аккаунтының пайдаланушысымен келісім бойынша Қазақстанға келіп, психотроптық заттарды жасырын сақтаушы ретінде жұмыс істеген.
"С. анықталмаған тұлғамен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшердегі "альфа-PVP" психотроптық затын өткізу мақсатында заңсыз сақтаған. Жеке тінту кезінде С.-ның үстінен жалпы салмағы 1,76 гр. болатын "альфа-PVP" психотроптық заты бар 5 түйіншегі табылып, тәркіленген",- делінген ақпаратта.
Сотталушының кінәсі жеке тінту хаттамасының бейнежазбасымен, куәләрдің айғақтарымен, сондай-ақ сот-химиялық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді.
Осылайша:
"Сот үкімімен С. ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1,3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды". Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Үкім заңды күшіне енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript