2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты билеттерінің алдын ала бағасы жарияланды
Сурет: Instagram/fifaworldcup
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) алдағы мундиальға арналған билеттердің шамамен бағасын жариялады. Ұйым өкілдері құн сұраныс пен билет қалдығына байланысты өзгеріп отыратынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Athletic дерегінше, 2026 жылғы ӘЧ топтық кезеңінің ең арзан билеті 60 доллардан басталады. Ал турнирдің финалына ең қымбат билет көрермендерге 6 730 долларға түседі.
Дегенмен, ұйымдастырушылар бұл сомалар алдын ала белгіленгенін, жеребе тарту рәсіміне дейін немесе кейін баға саясаты өзгеруі мүмкін екенін жеткізді.
"Біз бағаларды сұраныс пен қалдықтарға қарай реттейміз. FIFA ішкі нарыққа бейімделеді. АҚШ пен Канадада іс-шаралардың бағасы сұранысқа сәйкес қойылады", – делінген ұйым мәлімдемесінде.
Әлемдік футбол форумына әлі біраз уақыт бар. Ал қазақстандық жанкүйерлер үшін қазір басты сұрақ – 30 қыркүйек күні Алматыда өтетін, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Қайрат" пен мадридтік "Реалдың" "армандар матчының" билеттерін қалай алу.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript