Қазақстандықтарға банк шоттарына қатысты ескерту жасалды
Фото: pexels
Бүгін, 2025 жылғы 5 қыркүйекте Түркістан облысының полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі азаматтарға өздерінің банк шоттарын бөгде адамдарға берудің қылмыс екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа заң күшіне енеді.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабына сәйкес кез келген азамат өзінің банк картасын немесе шотын бөтен адамға берген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері ескертеді: жаза қатаң – мұндай құқықбұзушылық үшін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген жұма күні қазақстандықтарға жолданған үндеуде.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары жеңіл жолмен ақша табу уәделерінің артында қылмыс тұрғанын еске салды.
"Дроппер – жай ғана құрал емес, ол алаяқтың сыбайласы болып саналады", – деп түйіндеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін қазақстандықтарға SIM-карталарға қатысты да ескерту жасалған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript