Ақмолада "жалған" кәсіпкер танысын сан соқтырып кеткен

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 13:26 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері жалған кәсіпкердің ісін тергеуде. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 25 сәуірде өңірдің ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып, жүгінген.

"Өтініш берушінің айтуынша, қаскүнем онымен достық қарым-қатынас орнатып, бұрын өзін кәсіпкер ретінде таныстырған. Сенімге кіріп, содан кейін ақша сұрай бастаған – тұрмыстық қиындықтарды шешу және ортақ бизнесті бастау үшін. Ол бірнеше ай бойы әйел мен оның ұлын несие мен автокредит алуға, сондай-ақ оған банк карталарын беруге көндірген. Жалпы шығын бірнеше миллион теңгені құрады. Ер адам барлық қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта факті бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

"Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады: банк карталарын, логиндер мен парольдерді бөгде адамдарға бермеңіз, біреудің өтініші бойынша өз атыңызға несие алмаңыз және манипуляцияға бой алдырмаңыз". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Бас прокуратура өз қызметкеріне тағылған айыпқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: