Қостанай облысында әскери қызметкерлер туралы жалған видео таратқан адам ұсталды
Сурет: freepik
Полицейлер Қостанай облысының шекарасында болған делінген "қақтығыс" жөнінде жалған видеоның авторын ұстады. Бұл туралы 2023 жылғы 20 қыркүйекте Zakon.kz сайтына облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қостанай облысының шекарасында әскери қызметкерлер арасында болды делінген жанжал жөнінде түсініктеме жазылған әскери көлік колоннасының видеосы тараған еді. Кейін видеоның "фейк" екені анықталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысының полиция басқармасының қызметкерлері 52 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
"Ол бұл әрекетті қасақана жасағанын мойындады. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен ("Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату") сотқа дейінгі тергеу басталды" делінген Қостанай облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.
Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып, азаматтарды ақпаратты таратпастан бұрын оның дұрыстығын тексеруге шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript