ҚМА: Астана мен Қостанай облысында жалған доллар сатылды
Шарапиев С., валют тауып әкелумен айналысса, Қостанай облысының аумағында сатуды Жакупов Т. және Шаймердинов А., Астана аумағында таратуды ерлі-зайыпты Бердімұратовтар жүргізді.
30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді. Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі
Аталған қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыларға "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды.
Сот үкімімен Шарапиев С. ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, Шаймердинов А. мен Жакупов Т. орташа қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға дейін, Бердімұратовтар жұбайлары шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі
ҚМА мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін "көлеңкелі" экономика саласындағы қылмыстар фактілерін ашуға бағытталған іс-шараларды жалғастыратын болады.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.