Қазақстандықтарға 450 миллион теңгеге жоқ пәтерлер сатылды
"Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісім-шарт жасасқан, оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген." ҚМА баспасөз қызметі
Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған.
Осылайша, аталған азамат жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.
"Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды."ҚМА баспасөз қызметі
ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.
Егер сіз және сіздің туыстарыңыз жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекеттеріне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе көрсетілген телефондар бойынша хабарласыңыз: 1458, 8 (7172) 70 84 79 (ішкі 21384).
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.