Мәскеуде қазақстандық азамат жалған ақша таратқаны үшін ұсталды

Мәскеуде қазақстандық азамат жалған ақша таратқаны үшін ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 09:38 Сурет: Zakon.kz
Мәскеуде полиция қызметкерлері 5000 рубльдік жалған купюраларды таратты деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады. Бұл ақпаратты Ресей ІІМ-нің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 23 жастағы жігіт мессенджер арқылы 5000 рубльдік 300 жалған банкнот сатып алып, оларды Ресейдің түрлі аймағында өткізе бастаған. Ол арзан тауарларды сатып алу арқылы жалған ақшамен есептесіп, қайтарымға шынайы ақша алып отырған.

Тергеу барысында оның 28 купюраны өткізіп үлгергені анықталды: екеуін — Волгоград облысында, он бірін — Астрахан облысында, тағы он бесін — Мәскеуде.

Күдікті астанаға Волгоградтан келген полиция қызметкерлерінің іссапары кезінде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан жалпы сомасы 1,36 миллион рубль болатын 272 жалған купюра тәркіленді.

Аталған факт бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 186-бабы 1-бөлігі ("Жалған ақшаны жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Қазір жалған купюралардың шыққан көзін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: