Таиландта ресейлікті өлтірмек болды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

Таиланд, қастандық, Қазақстан азаматы, Ресей азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 17:37 Сурет: pixabay
Таиланд полициясы Пхукет аралында ресейлікті өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атыс 7 маусым күні түсте болған. Белгісіз ер адам автотұрақтан көлігімен шығып бара жатқан ресейлікке бірнеше рет оқ атқан, деп жазды The Phuket Express.

Атыс шығарған адам оқиға орнынан скутермен қашып кеткен, ол кейін бейне бақылау камералары арқылы анықталды.

Қылмыскер 49 жастағы Қазақстан азаматы болып шықты. Ол елден шықпақ болған кезде Пхукет халықаралық әуежайының кассасында ұсталды.

Жәбірленуші Пхукетке келетін ресейліктер арасында танымал мейрамханалардың бірінің иесі. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, оқты алу үшін оған ота жасалған.

Полицейлер қастандық жасалған жерден бір шақырымдағы өзен жағасынан оқ атқан адамның қаруын, күртешесін, аяқ киімін және қолғаптарын тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: