Маңғыстау облысында ветеринария саласының қызметкерлеріне 53 жаңа автокөлік табысталды

Жаңа автокөлік, Маңғыстау облысы, ветеринария саласы , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2025 09:05 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
5 қыркүйекте Маңғыстау облысында ветеринариялық қызметтің жұмысын жетілдіру, мүмкіндіктерін арттыру, мақсатында жаңа қызметтік автокөліктер салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млрд теңге бөлініп, жол талғамайтын 53 көлік, тоңазытқыштар, компьютерлер және оған қажетті құрылғылар сатып алынды.

Бұл шара Мемлекет басшысының ветеринариялық жүйені жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар, ветеринария саласының кадрлық әлеуетін нығайтып, ауылдық жерлердегі халықтың ветеринариялық көмекке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа көлік, Маңғыстау облысы, ветеринария саласы , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2025 09:05

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыста соңғы жылдары ветеринария саласын жетілдіруге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. 2022-2025 жылдары ветеринар мамандардың жалақысы екі есеге артты, ал келер жылдан бастап еңбекақыны тағы 150 пайызға көтеру жоспарланып отыр.

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, биыл облыс бойынша жаңадан 43 ветеринариялық пункт пен 1 станция салынып жатыр. Сонымен қатар, 2 станция толық жөндеуден өтпек. Жаңа нысандар жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз сөзінде Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес өңірдің ветеринария саласында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ветеринария – мемлекеттің биологиялық қауіпсіздік жүйесінің бір бөлігі екенін атап өтті, саланы жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатын. Тапсырмаға сәйкес ағымдағы жылдың 2 - тоқсанында Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы дербес басқарма ретінде құрылып, біршама жұмыстар атқарылды, техникалық база нығайтылып жатыр. Енді сіздерге табысталып отырған жаңа автокөліктер жұмыс сапасын арттырып, ел игілігі үшін қызмет етуге зор мүмкіндік береді", – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Ресми шара, Маңғыстау облысы, ветеринария саласының қызметкерлері, жаңа автокөлік  , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2025 09:05

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: