Азаматтар наразылығын білдіруде: Мемлекет басшысы жолаушылар пойызының жағдайына тоқталды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар вагондарының жай-күйіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы халықтың вагондардың жай-күйіне көңілі толмайтындығын атап өтті.
"Астанада вагон құрастыратын зауыт іске қосылды. Бұл осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін жасалған маңызды қадам болды. Озық халықаралық стандартқа сай жабдықталған заманауи жолаушылар вагонын жасау шетел инвесторының қатысуымен қолға алынады",- деді ол.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың электросамокаттар жайлы мәлімдемесін жазған болатынбыз. Онда ол халыққа әлі де қауіп-қатар төніп тұрғанын айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript