Қазақстандық студенттер Түркі универсиадасында 23 медаль ұтып алды

Қазақстандық студенттер, Чолпан-Ата, Түркі универсиадасы, медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 20:04 Сурет: gov.kz
3-9 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтеді.

III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.

Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркия Республикасында өтеді.

Бұған дейін Чолпон-Атада өтетін III Түркі универсиадасына Қазақстан атынан 66 студент-спортшы қатысатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: