Чолпон-Атада өтетін III Түркі универсиадасына Қазақстан атынан 66 студент-спортшы қатысады
Сурет: gov.kz
2025 жылғы 3-9 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындарының студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтеді. Бұл жарыста Қазақстан атынан 66 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 3 қыркүйекте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады:
"Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің (Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы) студент-спортшылары қатысады. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтеді. Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі 4 қыркүйекте сағат 18:00-де, жабылу рәсімі 8 қыркүйекте сағат 18:00-де өтеді. Қазақстан атынан 15 жоғары оқу орнынан 66 спортшы 7 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды".
Айта кету керек, II Түркі универсиадасы да осы 7 спорт түрі бойынша 2023 жылғы 5-10 қараша аралығында Түркістан қаласында өткізілген. II Түркі универсиадасына Түркі мемлекеттері ұйымына мүше 5 елден 445 делегат қатысты.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларға белсенді қатысуына ықпал етуді жалғастырып келеді.
Бұған дейін ҚФФ президенті Уэльске қарсы ойын алдында ұлттық құрама мүшелерімен кездескенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript