ҚФФ президенті Уэльске қарсы ойын алдында ұлттық құрама мүшелерімен кездесті

ҚФФ президенті, Марат Омаров, Уэльс, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 17:30 Сурет: kff.kz
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс пен Бельгия құрамаларына қарсы өтетін матчтар алдында Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұлттық құраманың ойыншыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, федерация басшысы футболшылардың дайындық барысымен танысып, футболшылардың жағдайын сұрады.

Марат Омаров мемлекет тарапынан футболды қолдау деңгейі артып келе жатқанын атап өтіп, елімізде спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.

Федерация президенті алдағы кездесулерде Қазақстан құрамасына сәттілік тілеп, миллиондаған жанкүйерлердің қолдауы ойыншыларға күш-жігер сыйлайтынын атап өтті.

4 қыркүйекке жоспарланған бұл матч аншлаг жағдайында өтпек. Қазір билеттердің түгелімен сатылып кеткені белгілі. Өкінішке қарай, Уэльске қарсы ойында ұлттық құрама команда басшысы Бақтияр Зайнутдиновсыз өнер көрсетеді.

Сондай-ақ кейбір БАҚ-тардағы деректерге сүйенсек, аталған ойын кезінде алған жарақаттарына байланысты Еркін Тапалов пен Ислам Чесноков та алаңға шықпай қалуы мүмкін. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: