Жасөспірімдер Азиадасы: Асамбек Бекасыл еркін күрестен алтын медаль ұтып алды

Асамбек Бекасыл, еркін күрес, алтын медаль, жасөспірімдер Азиадасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 21:39 Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
2025 жылдың 28–30 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтуде. Қазақстандық балуан Асамбек Бекасыл еркін күрестен 60 келі салмақ дәрежесінде үздік шығып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті.

Бекасыл ақтық сында Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толыққанын жазғанбыз. Бірін балуан Бақдәулет Ағабек еркін күрестен алса, екіншісі 58 келі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуынан сынға түскен ауыр атлет Нұрсила Берікболға бұйырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: