III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты

Күрес, Бақдәулет Ағабек, Бахрейн, Азия ойындары, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 20:49 Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстандық балуан Бақдәулет Ағабек Бахрейнде өткен III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында еркін күрестен қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, ауыр атлет Нұрсила Берікбол 58 келі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуында қола медаль жеңіп алды.

Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бұған дейін Қазақстанның жағажай волейболы құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен III жасөспірімдер Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтағаны белгілі. Қазақстандық спортшылар ел қоржынына бір алтын және бір қола медаль салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: