Жасөспірімдер Азиадасы: боксшы Рамина Маханова қола медаль еншіледі

Бокс, жасөспірімдер, Азиада, Рамина Маханова, қола медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 18:31 Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстандық спортшы Рамина Маханова Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі (қыздар) жартылай финалда ол Үндістан спортшысына 0:5 есебімен есе жіберді.

Сөйтіп Раминаға қола медаль бұйырды.

Бұған дейін Қазақстан регбиден Азия елдері арасындағы Құрлықтық турнирдің чемпионы атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: