Жасөспірімдер Азиадасы: боксшы Досжан Жұмақан чемпион атанды

Жасөспірімдер Азиадасы: боксшы Досжан Жұмақан чемпион атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2025 17:17 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы бокстан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды.

Бұл жолы 54 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті.

Отандасымыз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті.

Осылайша ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: