Қазақстандықтар Катарда заңды түрде жұмыс істей алады

Глобализация, глобальный бизнес, бизнес, глобальная экономика, международный бизнес, международные отношения, международные связи, международная торговля, глобальные связи, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 13:16 Фото: pixabay
2025 жылғы 10 қыркүйекте Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Катар мемлекеті арасындағы қазақстандықтарды Катарда жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақупованың айтуынша, ратификацияланатын келісім Қазақстан азаматтарын Катарда жұмысқа орналастыруды реттейді және олардың еңбек ету барысында құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

"Келісім аясында тараптардың іс-әрекет тәртібі, Катар мемлекетінің жұмыс берушісі мен Қазақстан Республикасының қызметкері арасындағы еңбек шартын жасасу тәртібі, сондай-ақ қазақстандық жұмысшыларды Қазақстанға репатриациялау мәселелері айқындалады. Заң жобасын жүзеге асыру қазақстандық азаматтарды Катарда заңды түрде жұмысқа орналастырып, олардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді", – деді министр.

Оның сөзінше, заң жобасында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында кепілдік берілген адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын шектейтін нормалар жоқ.

Жалпы, Еңбек министрлігінің дерегінше, бүгінде Катарда мұнай-газ және қызмет көрсету салаларында 800 қазақстандық жұмыс істейді.

Құжат Сенат қарауына жолданды.

Айта кетейік, 2025 жылғы 12 ақпанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов қазақстандықтардың Ұлыбританияда белгілі бір мамандықтар бойынша заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін еңбек көші-қоны саласындағы меморандум жасалғанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: