Светлана Жақыпова блогердің аутизмі бар балаларға қатысты мәлімдемесіне жауап берді
Фото: primeminister.kz
2025 жылғы 10 қыркүйекте Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова блогердің аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Блогер әлеуметтік желіде аутизмі бар балаларды не емдеу, не өлтіру керек деген жазба қалдырған.
"Әрине, мен бұл пікірге теріс қараймын, мұндай фактілер мен көзқарастар болмауы тиіс. Біз инклюзивті қоғам құрып жатырмыз және мүгедектікке байланысты кемсітушілікке жол бермейміз", – деді Жақупова.
Оның айтуынша, аутизмі бар балалар бірнеше ведомствоның – Оқу-ағарту министрлігінің, Еңбек министрлігінің және Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында тұр.
"Біз бұл балаларды толық қолдаймыз. Ал блогерге қатысты құқық қорғау органдары ең қатаң әрі дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын", – деп қосты министр.
Бұған дейін Алматы полициясы аутизмі бар балаларға қарсы жаман ниеттегі шақырулар бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript