Қазақстанның ЖІӨ өсімі 8 айда 6,5%-ды құрады

Аудит, расчет, аудитор, графики, график, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, инвестиции, инвестирование, рост экономики, экономический рост, график роста, графики роста, финансы, финансовый рост, рейтинг, рейтинги, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 08:27 Фото: freepik
Ұлттық статистика бюросының жедел деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 6,5%-ға өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰЭМ деректеріне сүйенсек, өсімнің негізгі факторлары сауда, өнеркәсіп және байланыс саласындағы оң динамика болды.

Өнеркәсіп 7,6%-ға ұлғайды. Өңдеу секторында өсім қарқыны жеделдеп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артты.

Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі драйверлері:

  • машина жасау (+15,1%);
  • тамақ өнімдері өндірісі (+10,1%);
  • мұнай өңдеу (+7,6%);
  • химия өнеркәсібі (+7,5%);
  • металлургия (+1,1%).

Сауда саласында 8,9%-дық өсім тіркелді. Оның басым бөлігі көтерме саудаға тиесілі, бұл саладағы үлесі – 66,6%. Ең жоғары өсім Шымкент қаласында (+21,3%), Шығыс Қазақстан облысында (+5,7%) және Жетісу облысында (+0,6%) байқалды.

Құрылыс саласында өндіріс көлемі 18,1%-ға артты. Көлік және қоймалау саласындағы қызмет көлемі 21,5%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығында өсім 3,4%-ды құрады.

Бұған дейін Ұлттық қор қаражатын жоғары технологиялық экономикаға инвестициялау жоспары жарияланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: