Шығыс Қазақстанда арнайы жасақ екі туған бауырды ұстады

Алайда куратордың уәдесіне қарамастан, ол еңбекақысын алмаған. Ал інінің айтуынша, ол заттың құрамын білмей, туысының өтінішімен орамаларды жасырған., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 13:57 Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі екі туған ағайындының ұсталғанын хабарлады. 21 және 23 жастағы жігіттер есірткі ісі бойынша күдікті деп танылды, деп жазады Zakon.kz.

Жеке тінту барысында кіші інісінен жалпы салмағы 18,32 грамм болатын альфа-PVP психотропты заты салынған 24 орама, ал ағасынан – салмағы 19,02 грамм болатын осындай 25 орама тәркіленді.

Тергеу мәліметінше, үлкені тамыз айының басында мессенджер арқылы курьер-жасырын салушы болып жұмысқа тұрған.

Әр жасырған "қоймасы" үшін оған 2750 теңге төлеуге уәде етілген. Күніне ол 50-ден астам "орама" жасырған.

Алайда куратордың уәдесіне қарамастан, ол еңбекақысын алмаған. Ал інінің айтуынша, ол заттың құрамын білмей, туысының өтінішімен орамаларды жасырған.

"Ұстаудан кейін полицейлер күдіктілер үлгерген орындарды анықтап, барлық "тауарды" заңсыз айналымнан тәркіледі". ШҚО ПД баспасөз қызметі

Аталған дерек бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған байланысты полиция өкілдері тағы да ескерту жасады:

"Есірткі заттарын таратуға немесе сақтауға кез келген қатысу, соның ішінде таныс немесе туыстың өтініші бойынша болса да, қылмыстық жауапкершілікке әкеледі".

10 қыркүйек 2025 жылы полицейлер Алматыда 24 келіден астам қарасораны тәркіледі. Бұл жөнінде қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: