Алматыдағы жолдарда жарты күн ішінде 500-ден астам құқық бұзушылық тіркелді
Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының полициясы жолаушылар тасымалын тексеріп жатыр. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 12 қыркүйекте ҚР ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру ресми тасымалдаушылардың автобустарын ғана емес, сондай-ақ жеке тасымалдаушыларды, соның ішінде қалааралық және облысаралық бағыттардағы көліктерді де қамтиды.
"Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің бұзылуын, тиісті рұқсатсыз көлікті қайта жабдықтауды, міндетті мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көліктерді пайдалануды, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталмауын анықтауға ерекше көңіл бөлінуде. Тек жарты күннің ішінде 500-ден астам құқық бұзушылық тіркелді",- деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Сондай-ақ, ол қалааралық тұрақты рейстерді орындаған 15 шетелдік тіркеудегі көлік желіден алынып, арнайы айыппұл тұрағына қойылғанын да атап өтті.
"Біздің басты мақсатымыз – тек құқық бұзушылықтарды тіркеу емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу. Біз көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерулеріне және жолаушыларды тасымалдау талаптарының орындалуына бақылауды күшейттік", – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Бұған дейін Жамбылдық құтқарушыларға жаңа тікұшақ берілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript