Алматыда автобус жолаушылары аялдама маңында төбелесті
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы автобус аялдамасының қасында үш ер адамның жол бойында жұдырықтасып қалған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл бейнежазбаны Алмалы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері де назарға алған.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелескендер анықталып, олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
"Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жанжалға қатысқандардың әрқайсысы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - делінген Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алматы полициясы сонымен қатар қала тұрғындарын қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, өзара құрмет пен мәдениеттілік танытуға үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript