Қазақстанда жұмыс беруші қандай сақтандыруды рәсімдеуге міндетті

Накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, тенге, инвестирование, инвестиции, капитал, мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, пирамида, финансовые аферы, финансовая афера, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 16:57 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Білу маңызды!" жобасының жаңа шығарылымында жұмыс беруші өз қызметкерлеріне қандай сақтандыруды рәсімдеуге міндетті екенін айтып берді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Қазақстанда 2005 жылдан бастап қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру заңнамамен бекітілген.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің сарапшысы Әділжан Жақып сақтандыру зардап шеккен адамның табысының жоғалуын өтеуге және денсаулыққа зиян келтіруге байланысты шығындарды өтеуге бағытталғанын айтты.

Сарапшының сөзінше, сақтандырудың бұл түрі жұмыс берушінің қаражаты есебінен сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкерге төлемдерді жүзеге асыратын сақтандыру ұйымымен шарт жасау жолымен іске асырылады.

Еңбек міндеттерін орындауға байланысты жазатайым оқиғаның нәтижесінде зардап шеккен қызметкерге жалпы және кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленеді.

Соның негізінде ол әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесінен әлеуметтік төлемдер алады. Атап айтқанда:

  • белгіленген мүгедектік тобына байланысты бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  • мертіккенге дейін алған табысына міндеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне, жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем.
  • кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесіне байланысты сақтандыру ұйымынан төлем.

Бұған дейін Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие және қай жерде көп жалақы төлейтіндігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: