Еңбек министрлігі елімізде қандай мамандар жетіспейтінін айтты
Сурет: pexels
13 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елге қандай мамандар қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Спановтың айтуынша, бірінші кезекте Қазақстанда инженерлер жетіспейді.
"Көбіне бізге өнеркәсіп өнімдерін өңдейтін өте дәл мамандар – инженерлер қажет. Сонымен қатар медицина саласының мамандары, өнеркәсіпте жаңа технологияларды қолдану үшін ұжымды оқытатын мұғалімдер, сонымен қатар өнеркәсіп мамандары қажет".Ілияс Спанов
Журналист Еңбек министрлігінің өкілінен ресейлік мигранттар ағыны кадрлардағы олқылықты жапты ма деп сұрады.
"Бүгінде мұнда ресейлік мамандар жұмыс істейді, уақытша тұруға тіркеледі. ЕАЭО келісіміне сәйкес, 2015 жылдан бастап ЕАЭО-ның төрт мемлекетінің тұрғындары рұқсатсыз келіп жұмыс істей алатынын түсінеміз".Ілияс Спанов
Бұған дейін Еңбек министрлігі қазір Қазақстанда 298 мың Ресей азаматы бар екенін, оның 30 мыңы ресми түрде жұмысқа орналасқанын хабарлаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript