Банктер қазақстандықтардың шоттары туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер органдарына беретін болады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 12:23 Фото: Zakon.kz
Қаржы министрінің "Банктік ұйымдардың банк шоттарының бар екендігі және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органына ұсыну нысандарын бекіту туралы" бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және салықтық тәуекелдерді дер кезінде анықтау.

Бұйрық қабылданған жағдайда мынадай нәтижелер күтіледі:

  • салықтық әкімшілендіру міндеттерін тиімді орындау;
  • салық салынатын табысты төмендететін тұлғаларды дер кезінде анықтау;
  • салық төлеуден жалтарған жеке және заңды тұлғаларды әшкерелеу.

Бұл жалпы алғанда бюджетке түсімдердің артуына және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға әкеледі.

Құжат 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: