Қазақстандық балуан қыздар әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық балуан қыздар әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 22:18 Сурет: UWW
Күрес түрлерінен Загребтегі (Хорватия) әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасында бірнеше салмақ дәрежесінде бәсекелер басталды. Алайда қазақстандық спортшылардың ешқайсысы жартылай финалға жете алмады.

50 келіге дейінгі салмақта Светлана Анкичева Солтүстік Корея өкілі Вон Менггенге мерзімінен бұрын жеңілді.

57 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағамбетова да алғашқы белдесуінде финляндиялық Дженне Хемиайеге есе жіберді.

76 келіге дейінгі салмақта Эльмира Сыздықова да қарсыласынан айласын асыра алмады. Ол италиялық Энрика Ренальдиден 3:4 есебімен жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: