Тұман, үсік, шаңды дауыл және найзағай: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Тұман, үсік, шаңды дауыл және найзағай: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 20:43 Сурет: Zakon.kz
17 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірлерінде найзағай, тұман, шаңды дауыл және екпінді жел күтіледі. Көптеген облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 17 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстік-батыстан жел күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: