Екібастұзда жоғалған жасөспірім бір айдан бері іздестіріліп жатыр

Екібастұзда жоғалған жасөспірім бір айдан бері іздестіріліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 21:08 Сурет: Zakon.kz
Екібастұздық жасөспірімнің жоғалғанына бір ай болды. Оны Павлодар қаласында көрген деген ақпарат түсті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Vita іздеушілер жасағының мәліметінше, 2008 жылы туған Роман Тараскинді іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

"Ол 21 тамыз күні Кеншілер көшесі, 14-үй мекенжайынан шығып кеткен. Сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз. Іздеу шаралары тек Екібастұзда ғана емес, Павлодарда да жүргізілді, себебі жасөспірімді сол жақтан көрген деген ақпарат түскен. Алайда қазіргі таңда іздеу жұмыстары негізінен Екібастұзда жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Өңірдегі еріктілер іздеуді тоқтатқан жоқ.

"Олар бағдар қағаздарын іліп, тұрғындар мен дүкен қызметкерлерінен сұрастыру жүргізіп, компьютерлік клубтарды тексеруде. Жоғалғанына бір айға жуық уақыт өтті. Романның туыстары қатты алаңдап, оның аман-есен үйіне оралуын күтуде", - деді Vita іздеушілер жасағының өкілдері.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: