Нашар естиді: Екібастұзда үйден шығып кетіп оралмаған қария іздестіріліп жатыр
Сурет: "Ангел" ерікті іздестіру-құтқару жасағы
Екібастұзда қария үйден шығып, оралмаған. Оны "Ангел" еріктілері іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
68 жастағы Екібастұз тұрғыны Құрманғали Әділханов Ломоносов көшесі, 23А үйде тұрады. 24 шілде күні таңғы сағат жетіде үйінен шығып кетіп, оралмаған.
"Ангел" ерікті іздестіру-құтқару жасағының мәліметі бойынша, ер адам арық, нашар естиді және бағдарсыз. Оның үстінде қара шалбар, көк күртеше және басында NY деген жазуы бар жасыл түсті кепка болған.
Хабар-ошарсыз кеткен қария туралы ақпарат болса, 8 (776) 816 80 80 – Олеся, 8 (705) 162 00 24 – Рената немесе 102 телефондарына хабарласуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript