Атырауда әйелді тонап, зорлап, азаптап өлтірген қаскөйге ауыр жаза тағайындалды

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 22:43 Фото: Zakon.kz
Атырауда элита үйде әйел зорлап, оны азаптап өлтірген қаскөйге сот үкімі оқылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, қанды қылмыс сәуір айында Атыраудың орталығындағы "Французкий квартал" тұрғын үй кешенінде болған. Осы үйде сантехниик болып жұмыс істейтін 38 жастағы азамат жалғызбасты әйелдің пәтеріне кіріп, оны пышақтап өлтірген. Кейін мәйітті зорлап, үйіндегі бағалы заттың бәрін ұрлап кеткен. Тіпті сейфті қолтықтап, марқұмның көлігін де мініп кетіпті. Қомақты қаржыны қалтасына басқан күдікті көп ұзамай, Маңғыстау облысына қашып бара жатқан жерінен ұсталды. Жантүршігерлік жайттар айтылатын болған соң, сот процесі осы күнге дейін жабық жағдайда өткен. Алайда соңғы үкім ашық жарияланды.

"ҚР ҚК 99 -бабының 2-бөлігінің 4, 5, 40-тармақтары бойынша, өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын. ҚР ҚК 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес, қылмыс жиынтығы бойынша Арман Маратович Жетпісовке түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны, Арман Маратович Жетпісовке, қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі белгіленсін".Зарема Хамидуллина судья

Сотталушы мен марқұм әуелден таныс болған екен. Ол тұрғын үй кешенінен автотұрақ алып беремін деп, әйелден қомақты қаржы алған. Қылмыс осыдан бастау алған. Судья үкімді түсіндіру кезінде жаға ұстатар жағдайларды да айтып өтті. Марқұм болған әйелдің жүкті болғанын айтты, белгілі болғандай, қаскөй оны өлтіргеннен кейін де зорлаған екен. Осыны ескеріп, ең ауыр жаза тағайындалған. Жәбірленуші тарап үкім әділ болды дейді.

Кісі қолынан қаза тапқан марқұм шетелдік мұнай компаниясында жұмыс істеген. Атыраудағы бұл қанды қылмыс қоғамдық резонанс туғызған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: