Таразда "екі әйелді зорлап өлтірген" 28 жастағы күдікті ұсталды
Фото: pexels
Таразда екі адамды азаптап өлтірді деген күдікпен 28 жастағы жігіт тұтқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK ақпаратына сүйенсек, бірер күн бұрын қала орталығындағы жалдамалы пәтерден екі әйелдің жансыз денесі табылған болатын. Полицейлер марқұмдардың денесінде зорлық белгілері барын хабарлаған.
Бүгінде күдікті тергеу абақтысында, қылмыстық іс қозғалып, қажетті іс-шара қабылдануда.
"Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде бұрын сотталмаған 28 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар жалдамалы тұрғын үй иесі бұрын жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Оқиғаға дейін полицияға көршілерден осы пәтерге қатысты шағым түспеген".Гүлсара Мұхтарқұлова Жамбыл облысы ІІД баспасөз-хатшысы
Бұған дейін оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген қызылордалыққа қатысты сот үкімі шыққаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript